Вы здесь: HomeАудан тынысыБаспана мәселесі біртіндеп шешіледі

Баспана мәселесі біртіндеп шешіледі

Елбасының биылғы Жолдауының негізгі өзегі – барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту.

Сондықтан да Мемлекет басшысы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге айрықша мән бергенін ерекше атап өткен жөн. Әсіресе, Президент тұрғын үй құрылысы, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту әдеттегідей басты назарда қала беретінін мәлімдеді. Бөлімімізге келетін тұрғындардың негізгі мәселесі – баспана болғандықтан, бұл орынды деп білеміз. Бұл орайда Елбасының әкімдерге ірі қалаларда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын өсіруді тапсыруы мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Елбасы үй аларда халықтың бас ауруы – бастапқы жарна екенін де дөп басты.

Сондықтан жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау мәселесін пысықтау қажет екенін атап өтті. Президент Жолдауында айтылған тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау туралы тапсырмаларын орындау көптеген азаматтарға өздерінің өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға мүмкіндік және ел экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.

Сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы бес жылда 650 мыңнан астам (76,6 млн. шаршы м) тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл — шамамен 2 млн. адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Алдағы бес жылда «7–20–25» бағдарламасы аясында шамамен 103 мың адам тұрғын үй иесі атануы мүмкін. Осы бағдарлама аясында әкімдіктерге жергілікті бюджеттен бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмін әзірлеу тапсырылды. Яғни, жас отбасылар мен бюджеттік саланың қызметкерлеріне бастапқы жарнаның жартысын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы 71 мың әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерін үймен қамтамасыз етуге арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Министр Ж.Қасымбектің айтуынша, мемлекеттік қаражатқа 20 мың жалға берілетін және 56 мың несиелік тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін Үкімет жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды 25 млрд. теңгеден 35 млрд. теңгеге дейін ұлғайтады. Бұған дейін ауданымызда үш 60 пәтерлік көп қатарлы тұрғын үй пайдалануға берілгенін және төрт 48 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқандығын атап өткім келеді.

Келешегі бар ауылдарды дамытып, жолдарды маңызы бар бағытқа салу үшін Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын әзірлеуді және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, жергілікті инфрақұрылымды дамыту басымдырақ болмақ: энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су тарту, жергілікті жолдар. 2018 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 332 млрд. теңге бөлінді. Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау – 100%, ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау – 80%-ды құрайтын болады.

Аумақтық дамудың жаңа тәсілдері қалалар мен шалғай аудандардағы өмір сүру сапасын арттырады, сондай-ақ өңірлік экономиканың дамуын ынталандырады. Қорыта айтқанда, Елбасы атап өткендей әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Абзал РАМАЗАНОВ,

аудандық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru