БАКЛАШКАЛАР БӨЛЕК ЖИНАЛА БАСТАДЫ

Индербор кентіндегі қоқыс алаңшаларына жаңадан пластмаса қалдықтарына арналған бөлек жәшіктер орнатылуда.

«Жасыл Аймақ» ar» ЖШС директоры Әнуарбек Кенжиевтің айтуынша, кенттегі Д.Қонаев, Тайсойған, Қ.Қаражанов, Бейбарыс сынды көп қабатты үйлердің жанына әзірге 5 жәшік қондырылған.

-Бұл жәшіктерді сынақ ретінде қойдық. Егер көпшілік түрлі сусындардан қалған баклашкаларды осылай бөлек салуға қалыптасса алдағы уақытта жәшікті сапалы материалдан жасауға және көбейтуге мүдделіміз. Бұл бағытта пластмасса қалдықтарын қайта өңдеуге облыс орталығынан кәсіпкерлер қызығушылығын білдіріп отыр, - деді ол. Ендеше, қоршаған ортамыздың тазалығын сақтауға әрі өркениетті елдердің тәжірибесіне қадам басамыз десек, қоқыстарымызды сұрыптауды дағдыға айналдырайық, ағайын!

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521