Бөдененің өзгешелігі көп

- Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың алтын бастауына айналары сөзсіз.

Осынау тарихи жауапкершілігі ерекше жылда ауылымызда іске асқан жұмыстарды түйіндесем, - деп бастады сөзін өткен жыл қорытындысын баян еткен Бөдене ауылдық округінің әкімі Ж.Ғизатов.

Жұмыртқаға дейін мұқият санаған ауылда өнікті істің ізі бар. Аймақ бойынша ірі қара -1172 басқа, қой-ешкі- 3314 басқа, жылқы- 552 басқа түйе – 292 басқа, құс 380, болып алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім болса, барлығы 102 га жерге егін егіліпті. Сондай-ақ сүт өнімі 610 тн, ет – 388,8 тн, жұмыртқа – 14,5 мың дана өндіріліпті.

Тұрғын үй құрылысы жанданып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 1 385,0 мың теңге бөлініп, С.Датұлы көшесіндегі саябақ қоршауы ауыстырылып, ескі ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілген.

Бөдене орта мектебінде 295 оқушы білім алып, 145 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Дәрігерлік амбулаторияда 6 дәрігер, 3 техникалық қызметкер жұмыс жасаса, 2 орындық күндізгі бөлім бар.

Елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі әркез назарда ұсталынып, тұрғындар үлес қосқанмен, аула-қоралардың айналасын, жерді заңды пайдалану, қоқыстарды уақытында шығару, тиісті жерге төгу талаптары сақталмайтын көрінеді. Осыған учаскелік инспектордың көңіл бөлгенін жөн көреді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік инспекторға әкімшілік ғимаратынан бір шағын орын, қызметтік үйден 1 пәтер берілген. Ауыр қылмыс болмағанмен 49 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, шарасы алынған.

Жиында аудандық мәслихат депутаты Н.Тоғаев өткен жылдың жетістіктеріне тоқталса, ардагер ұстаз М.Есқазиева «Үздік ауыл» атануымыз барлық ауыл тұрғындарының еңбегі екендігін, енді осыны бағалай білу қажеттігін, ал жастар атынан сөз алған С.Мамаев жастардың ауылды көтеруге бар күш-жігерін қосатынын айта келе, ауылға спорт алаңы керектігін сөз етті. Жиынды аудан әкімі М.Қалауи қорытындылап, алда тұрған міндеттермен бөлісті.

Ж.Амантурлин,

Бөдене ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521