Вы здесь: HomeАудан тынысыҚаз қуып, қоян алмаңыз

Қаз қуып, қоян алмаңыз

Бүгінде облыс бойынша 5 мың үстінде әуесқой аңшы болса, ауданда 378 мылтық тіркеліпті.

Яғни сонша аңшы бар. Әсіресе, соңғы жылдары жастар арасында әуесқой аңшылыққа қызығушылықтары жоғары көрінеді. Әуесқой аңшыларға аң аулау мерзімдері белгіленген. -Мысалы, қоян аулауға қазан айының 15 жұлдызынан ақпан айының 15-де дейін рұхсат қағазының көлемі 8600 теңге тұрады. Осы маусымда заңдылыққа сәйкес 5 қояннан асырып аулауға рұхсат етілмейді. Қабан аулауға қыркүйектен бастан 31 желтоқсанға дейін мерзім белгіленген. Рұхсат қағазының құны қабанның көлеміне қарай 22 мың мен 18 мың теңге аралығын құрайды. Құс аулауға қыркүйектің 16 бастап қарашаның 30-на дейін рұхсат беріледі. Қаз бен үйректің түрлеріне өздерінің белгіленген төлемдерімен рұхсат қағазы беріледі. Бірақ шіл сияқты саны азайып кеткен құстарды атуға болмайды.

Бұл жерде ескеретін жайт, сіздің қоян, түлкі атуға ғана рұқсатыңыз болса, құс атуға болмайды. Яғни, аңшылық билетпен қоса құс, аң атуға бөлек-бөлек жолдама алу қажет. Сонымен қатар, аңшының рұхсат қағазында аңды қай жерден, қанша атылғандығы нақты жазбамен көрсетілуі тиіс. Жалпы аңшылық куәлігін халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға мүмкіндік жасалынған. Аңшылық куәлігіне, аңшылар қоғамына және баж салығы сынды төлемдері бар, - дейді аталмыш мекеменің қорықшысы Бағытжан Айтқұлұлы.

Бүгінде арнайы дүкендерден аңшы мылтықтарының небір түрін кездестіруге болады. Қалтаңа қарай 70-80 мың теңгенің аңшылық қарапайым мылтығынан бастап миллионға дейін небір шетелдік мылтықтармен жалғаса береді. Бірақ мылтықты арнайы дүкеннен сатып ала қоюға ақшаң жеткенімен алдымен полициядан, медицинадан тиісті талаптары мен құжаттарын заңдастыру қажет. Сондай-ақ автоматқа дейін сатылымда болады екен. Оған кемінде 4 жыл мерзімде аңшылықта өтілі бар, тәжірибесі болуы міндет көрінеді. Әрі аңшылық куәлікпен елді мекеннен тыс жерлерде де 5 қармаққа дейін балық аулауға рұхсат етілетін басымдығы барлығын аудандағы бас қорықшы айтып өтті.

С.БАЗАРБАЕВ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru