Вы здесь: HomeАудан тынысыАудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы сайланды

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы сайланды

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының ХХҮІІ конфренциясы өтіп, онда делегаттар алдымен партияның облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаевтың ұсыныс етуімен аудан әкімі Мейірім Қалауиді аудандық ұйымның төрағалығына бірауыздан сайлады.

Конференцияда күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» тақырыбында аудан әкімі, аудандық ұйымның төрағасы Мейірім Қалауи баяндама жасады.

Келесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмысының сапасын арттыру туралы» Жолдауында қойылған міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы жайы» мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың баяндамасында да көптеген аудан бойынша жетістіктер мен міндеттер талданды.

Онан соң «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының мақсаттары туралы» аудандық ұйым төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев хабарлама жасады.

Алдағы он жылға партия белгілеген 10 басты мақсатын таныстырып, оны әрқайсысы бойынша күтілетін нәтижелердің қомақты бола түсуі алдымен оны орындауға баршаның атсалысуының маңызды болатынын ашып айтты. Жарыссөзге қатысқан білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық ұйымының төрағасы Қалжан Ахметова қатысты.

Конференцияға қатысқан «Нұр Отан» партиясының облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев сөзін облыстық ұйым ұсынысын қолдағандары үшін көпшілікке алғыс айтты.

С.Халықов.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru