Вы здесь: HomeАудан тынысыАуданда амал мерекесі тойланды

Ауданда амал мерекесі тойланды

Көгілдір көктемнің жайдары шуағын төккен шағында жыл сайын 14 наурыз күні – Көрісу мерекесі тойланады. Көрісу бұл – ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі іспетті. Осынау күні – «Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиеді» деп адамдар бір-бірінің үйіне барып, қол алысып, шұрқыраса көріседі.

Міне, ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан осынау өнегесі мен тәлімі мол мерекеге орай аудандық жаңа мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті. Бұл күнгі мерекелік кеште мәдениет үйінің залы көрерменге лық толы болса, әсем безендірілген сахна сұлулығы қазақ ауылының көрінісін сипаттады.

Шағын ауылдағы сәкі үстінде қолында ұршық жіп иіріп отырған әже, дастархан дайындап жүрген келін, үйдің тіршілігімен жүрген шаңырақтың үлкені және әкесіне қамқор ұлдың ісі жанұя шырайын кіргізді. Осынау берекелі де татулығы мол шаңыраққа мереке күні сәлем-сауқатын сұрасқан көршілер мұнда жай жиналған жоқ. Себебі, әз-Наурыз айының алғашқы мерекесі — көрісу күнін атап өту үшін келген. Алдымен меймандар үйге еніп, жағдай сұрасты, үй иелері ақ дастархан жайып, тәтті бауырсағын ұсынды. Сіз бен біз болып, салт-жоралғыны насихаттау, міне, осылай басталды. Мерекелік ән-күй де осы ғұрыптың аясында орындалды.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru