Ауданға қарашаның қары түсті

Кеше, яғни 20 қараша күні ауданға биылғы жылдың алғашқы қары түсті.

Кеше кешкісін басталған аппақ бар, таңертеңге дейін жерді ақ мамыққа орады. Жерге түскен ақ ұлпаның суреті мен видеосын жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге жарыса жариялауда. Таңғы ұйқыларын даладағы ақ ұлпаның көрінісімен ашқан тұрғындар қарашаның алғашқы күндерінде жерге қар түсіп, ерімей жатып қалса, қыс ұзақ болады деп болжайды. Ежелден халқымыз «Қараша келмей, қар жаумас» депте бекер айтпаса керек.

Ертеден-ақ қазақ халқы қарашаның қабағына қарап, келер қыстың қандай болатыны туралы да түрлі болжамдар айтып жүр. Дегенмен, ауа райы қай мезгілде де, құбылмалылығымен ерекшеленетіні белгілі. Тек көңіліміз тоқ болып, шаруамыз сәтімен болсын деп тілейік.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521