Аты белгісіз ағымдар қаптап кетті

Ағымдағы жылдың 8-13 қараша күндері аралығында «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қоры ауданның Жарсуат, Құрылыс, Бөдене, Елтай, Ынтымақ, Есбол, Өрлік ауылдарында болып, «Деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары» тақырыбында кездесулер өткізді.

Шара барысында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Жаулин Ербол, білікті теолог, исламтанушы Амангелді Уразов жергілікті ауыл тұрғындарына сыналап кіріп, батпандап шыққан ауру сынды елдің ішкі бірлігі мен берекесіне зиянын тигізіп жүрген жат ағымдардың дінбұзарлық мақсат-міндеттерін және жат ағымдардың алдын алып, ынтымағымыз бен татулығымызды арттыруға үлес қосатын ұлттық құндылықтарымыздың артықшылықтары туралы өз ойларымен бөлісті.

Бабалар дәстүрінен сусындаған намысты, рухты, өр елдің босағасы берік болып, жау ниетті ағымдардың табалдырығымыздан аяқ баса алмауына халық тарихы мен мәдениетін дәріптеудің тарихи маңыздылығы турасында айтты. Кездесулердің соңында бейнероликтер тамашаланып, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

М.БОПАСОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521