Қателесуге хақы жоқ мамандықтың иесі

Өміріне араша тілеген жандарға шипалы қолын созуға әркез дайын тұратын медицина саласының қызметкерлері қашан да құрметке лайық.

Осыған орай жаңа мәдениет үйінде ауданның ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арнап «Денсаулықты баптаймыз – өмірімізді сақтаймыз» атты салтанатты кеш өтті. Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиында аудан әкімі Серік Арыстан мінберге көтеріліп, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ ауданның Құрмет грамотасымен аудандық орталықтандырылған аурухананың дәрігер психиатр-наркологы Ханбибі Бакенова, Көктоғай дәрігерлік амбулаториясының аға ембикесі Гүлнар Жұмахметова мен Бөдене дәрігерлік амбулаториясының жүргізушісі Самат Нұғымановтарды марапаттады. Мерекелі лебізді жалғастырған аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек еткен Жарсуат дәрігерлік амбулаториясының акушеры Бақытжамал Балахметова, М.Сиранов атындағы орта мектептің ембикесі Майгүл Рысмағамбетова, Есбол дәрігерлік амбулаториясының ембикесі Күлжан Ожиховаларға аудандық мәслихаттың Алғыс хатын табыс етті. Ал аудандық орталықтандырылған аурухананың директоры Анар Доспаева ыстық ықыласы үшін аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ардагерлер мен әріптестерін мерекемен құттықтады.

Ол аудандық орталықтандырылған ауруханасының дәрігер-хирургі Асланбек Ермұханов, перзентхана акушері Ақжайық Ермұхамбетова, дәрігер-кардиолог Майра Бажанова, шаруашылық ембикесі Нұрбану Қайыр, дәрі-дәрмекке жауапты ембике Нұрлы Кеңесова, Бөдене дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Ұлжан Ізтілеуоваларға облыстық денсаулық сақтау басқармасының, ал №1 жалпы практикалық учаскесінің дәрігері Қайыржан Таудаев, №4 жалпы практикалық учаскесінің фельдшері Гүлжан Қанатова, Елтай және Өрлік дәрігерлік амбулаториясының ембикесі мен лаборанты Гүлжанат Абдрахманова мен Күнсая Өтеповаларға аудандық орталық ауруханасының Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ бұл кешке аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шолпан Ержанова қатысып, осынау қастерлі маман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, қызметтеріне сәттілік тілеген соң мекеме қызметкері Гүлжан Оразалиеваға облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Алғыс хатын ұсынды.

Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Д.АЙБАР.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521