Тоқ астындағы апан тұрғындарды қатты алаңдатады

Редакцияға келген Индербор кентіндегі Көктем-12 мекенжайының тұрғыны Валентина Аверьянованы мазалаған мәселемен тереңдей танысқанымызда төмендегі жайлар анықталды.

 

Атап айтқанда, тұрғын пәтерінің маңындағы жоғары кернеулі электр желісінің қасынан лас суға арналған терең шұңқыр қазылып, біраз уақыттан бері көмілмей жатыр екен.

– Оны қазушылар су құбырын екі жақтан тартқанымен, арасын жалғамастан тастап кетті. Ал сол шұңқырдың үстімен бізге белгісіз тағы бір ток кабельдері өтіп жатыр. Біздің ойымызша, жұмыстың шегіне жетпеуіне де сол кабельдер себепті болған сияқты. Оның үстіне, жазда кәріз желісі бойында апат болып, оның құдығына толған суды жөндеушілер осы шұңқырға әкеліп төгіп кетті. Енді су толу салдарынан ток бағанасы құласа не болмақшы?! Тиісті орындардың біразына жеткіздім, бірақ ешкім құлақ асар емес, – деген тұрғын алаңдаушылығына сай біз Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Асхат Аймұратовпен сөйлесіп, жағдайды арнайы барып көрген болатынбыз.

Анықтағанымыздай, бұлардың қай-қайсысы да өте маңызды нысандар екен.

«Атырау-Жарық» АҚ Индер бөлімшесінің басшысы Асқар Үмітқалиевке хабарласқанымызда, қуатты ток желісі «ИСИГипс-Индер» ЖШС-на қатысты болып шықты. Мәселенің басы-қасында болып, хат иесінің өзімен сөйлескен Индербор кенті басшысының міндетін атқарушы А.Аймұратов бұл мәселені күн тәртібіне қойып, бақылауына алатын болды.

 

 

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521