Асау тарифке – ауыздық...

Елбасының әлеуметтік бес бастамасы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының басты талаптарымен қарама-қайшы келіп, ақыры Бас Прокуратура арнайы тапсырма бойынша тексеру жүргізіп, анықталған теріс жайлар Қауіпсіздік Кеңесінде талқыға түсуі «Көп асқанға бір тосқан» дегенді аңғартады.

Монополияға қарсы комитетке Елбасы осы мәселелерді және субсидия ретінде бюджеттен бөлінген қаржының көзделген мақсатқа жұмсалуына сараптама жасауды міндеттеп, оның ашық жүруін талап етті. Тақырыпқа сай аудандық прокуратураға хабарласқанымызда, Атырау облысының прокуратурасы «Атырау Энергосату» ЖШС-нің тұрғындарды электр энергиясымен жабдықтау кезінде 120 млн. теңге шамасында негізсіз пайда көру фактісін анықтағандығын мәлім етті. Заңды қорғаушы орын:

-Тұрғындарға келген шығынды қайтару мақсатында монополистпен тариф 5,31 теңгеден 4,51-ге ( «Энергосату» ЖШС Индер ауданы бойынша тариф 4,6 теңге болды) түсірілді. Ағымдағы жылы облыс прокуратурасының актісімен сот тәртібімен 7 монополист мекеменің тарифтері ықтиярсыз бұзылды және уақытша өтемдік тарифтері бекітіліп, 57 мың азамат пен 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

4 мың кәсіпкер электр энергиясы үшін алдын ала төлем енгізу міндеттемесінен босатылды. Заңға сәйкес тұтынушы нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жасау қажеттілігіне орай, монополистің 100% алдын ала төлем жасау туралы талабы құқыққа қайшы деп танылды.

Ауданда «ИндерСу» ШЖК КМК хабарласқанымызда, мұнда өзгеріс жоқтығы мәлім болды. Яғни суға 263,2, канализацияға 179,2 теңге (НДС-мен) алынады. Биыл мамыр мен 30 қыркүйекке дейін жұмыс жасаған жазғы судың 1 текше метрі 46, 70 теңгемен (НДС-мен) есептелінген.

Жалпы бұл кәсіпорын теңгерімінде Индербормен бірге Құрылыс, Ынтымақ, Аққала ауылдары да бар. Сонымен қатар кәсіпорын бойынша субсидияға қол жетікізіліп,тұтынушыларға белгілі дәрежеде жеңілдіктер қарастырылған.

Толығырақ газеттің 15 қараша күнгі №46 санына оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521