Вы здесь: HomeАудан тынысыАрмысың, ару – нұр көктем

Армысың, ару – нұр көктем

Бүгін Индер ауданында әз-Наурыз мерекесі сән-салтанатпен тойланды.

Ұлыстың Ұлы күнінде көктем аруының қабағы ашылып, көңілі жібіп, адамдардың қуанышына ортақтасқандай кейіппен күлімдеді. Тіпті ақ бұлттарды ығыстырып, арасынан мейірлене сығалаған алтын күн де шуағын шашты. Бұл күні көтеріңкі көңіл күймен ыстық ықыласын білдірген бұқара бір-бірін бауырға тартып, төс қағыстырып көрісіп, емен-жарқын қауқалдасып жатты. Бұл арада наурыз нақыштары көрініс беріп, ән мен күй де төгілді. Аудандағы Меңдіғалиев көшесіне қатарлас тізілген киіз үйлер анандай жерден мен мұңдалап тұрды. Жалпы мереке күні барлығы он алты мекеме 11 киіз үй құрып келушілерге құрмет көрсетсе, ал қалған мекемелер мен бөлімдер ұлттық тағамдарымызды ұсынып көптің алғысына кенелді.

Міне, осылайша «Сары дала» хореографиялық композициясымен ашылған «Армысың, ару – нұр көктем!» атты мерекелік шарада алдымен аудан әкімі Мейірім Қалауи Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл күні қазақтың ұлттық киімін киіп, көпті тәнті еткен мектеп, балабақша ұжымдары қазақтың салт-дәстүрін көрсетсе, «Ару-ана» әжелер ансамблінің мүшелері ақ кимешектерін оранып, «Алтайдан Атырауға дейін, Каспийден Алатауға дейінгі ұлан ғайыр кең далама кесапатын тигізер кеселден Алас! Алас! Алас! Алыс туған азаматымды ар жолынан оздырар басына бағы тұнып байлығы асқан бар бәледен Алас!» деп үн қатып, тілек қосты. Ортаға тайқазан әкелініп, жеті түрлі тағамнан дайындалған Наурыз көже ұсынылды.

Мерекенің құтты қонағы әр үйге құт-береке, дәулет, молшылық әкелуші Қыдыр ата мен береке мен бірліктің тәңірі Ұмай ана да ортаға шығып ақжарма тілектерін білдірді. Аудандық Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрі (жетекшісі А.Мұсаева), мен өнерпаздар Н.Сатимов, М.Жұмашев, А.Сағындық, Р.Нұрмағамбетова орындаған әндер мен күйлер Дендер аспанында қалықтады. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы бастаған ел ағалары арнайы тігілген киіз үйлерден халыққа дәм ұсынған мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлерімен арнайы жүздесіп, көктемнің жарқын мерекесімен құттықтап, мерекелік шараның мәнді өтуіне орай алғысын айтты.

Толығырақ газетіміздің 28 наурыздағы санынан оқи аласыздар.

Суреттерді түсірген Диас АЙБАР.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru