Ардагерлер ардақталған күн

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста өткен «Өнегелі әже» байқауында жүлделі екінші орынды иеленген өнер ардагері, «Ару-Ана» әжелер ансамблінің жетекшісі Бақытжан Жайымованы аудандық ардагерлер алқасында әріптестері қабылдау өткізіп, өнеріне алғыс сезімдерін білдірді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Қасибаұлы қазақтың ұлттық өнерін насихаттау, ұрпақ жадына сіңіру жұмысына белсене араласып жүрген өнерпаздың салт-дәстүр, ұрпақ тәрбиесі, әже әлдиін бейнелеудегі жетістіктерін зор ризашылықпен баяндады. Сол секілді мемлекеттік қызметтің үздігі болған Меруерт Нұғыманованы да мерейжасымен құттықтап, арнайы Құттықтау хат табыстады. Ал ардагерлер атынан сөз алған ауданның Құрметті азаматы Қабижан Қапиз аудан өнерінің дамуындағы Бақыт Жайымованың ұзақ жылдар бойғы еңбегін атап, оған «Мәдениет қайраткері» сияқты жоғары атақтарға ұсыну ісі кемшін екенін жасырмады.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521