Вы здесь: HomeАудан тынысы«Ана – өмір, ана – жыр»

«Ана – өмір, ана – жыр»

Жанды жадыратар көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Мейірім Қалауи мемлекет мүддесі үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар нәзік жанды аруларды қабылдап, мерекемен құттықтады.

Кездесуге ауданның алтын, күміс алқа иегерлерімен қатар, түрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген арулар қатысты. Оларға мерекелік құттықтау хат пен гүл шоқтары табысталды.

«Ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі». Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекет саясатына атсалысып, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге зор үлесін қосып отырған қоғам мүшесі. Сол себепті бір қолымен бесікті, ал бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналарды құрметтеу басты мақсатымыз,-деді аудан басшысы.

Дөңгелек үстел басына жиналған арулар «Асыл әжем» ансамблінің көркемдік жетекшісі Қалыш Хасанғалиевамен бірге ән шырқады.

Мерекелік кеш одан әрі аудандық мәдениет үйіндегі «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты салтанатты шараға ұласып, аудан әкімі индерліктерді мерекемен құттықтап, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелеріне медалін табыстады.

Сондай-ақ бұл күні білім саласының ардагері Әлия Нашанова Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталса, бір топ нәзік жандыларда түрлі марапаттарға ие болды. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Толығырақ газетіміздің 14 наурыздағы санынан оқи аласыздар

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru