Алтын жүзік, қамқа белбеу

«Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам» деп атап көрсеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында сөз болған көркем дүниелердің бірқатарын біздің аудандық өлкетану музейінің этнография бөлімінен де кездестіруге болады.

Мұнда халыққа ұсынылған жәдігерлер арасындағы зергерлік бұйымдардан: белдік, қапсырма, жүзік, сақина, шашбау, сырға, білезік сынды әшекейлердің небір түрі сақталған. Бұл зергерлік бұйымдардың әрқайсысы Дала өркениетінің зор қуаты мен жоғары эстетикасын әйгілейді. Ұлттық тұрмыс-салттың сән-салтанатын айшықтап, ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді.

«Зергерлік өнер-ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сән және қосалқы өнердің түрі. Алтын күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрмандар жасалған»,-дейді «Зергерлік өнер нақыштары» деген кітап авторлары Л.Әденова мен Т.Қожағұлов.

Олар зергерлік бұйымдар қоғамның барлық әлеуметтік топтарында үлкен сұранысқа ие болғанын, эстетикалық қана емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге, рухани болмысқа да қатысты міндеттер атқаратынын айтқан.

Мысалы, төрт жастан асқан қыздың құлағын тесіп, сырға салған. Басқа көйлек, камзол, бас киімдерін айтпағанда 12 жасқа толғанда болашақ қалыңдық ретінде ол әшекейлердің толық жиынтығы: кеудесіне тұмар, алқа, құлағына сырға, бұрымына күміс салпыншақтар таққан. Қолына білезік, сақина, жүзіктер кигізген.

Толығырақ газетіміздің 14 наурыздағы №11 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521