Алтын тұғырды сыйға тартты

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы аудандық филиалының төрағасы, белгілі кәсіпкер Керімбай Сабырғалиев  «Алтын тұғыр» атты үш томдық кітабын орталық кітапхана  қорына  сыйға тартты.

«Алтын тұғыр – 2018» III томдық әдеби жинағы биыл жарық көріп, тұсаукесері Ұлттық академиялық кітапханада өткен болатын. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Казконтент» АҚ, «Әдебиет» порталы ұйымдастырған  бұл жинаққа әдеби онлайн конкурста «поэзия, проза, драма» жанрлары бойынша үздік танылған туындылар  енгізілген.

-«Ауыл» партиясының ұйытқы болып отырған әдеби жинақтың басты мақсаты –  ауылдың рухани өмірін, құндылықтарын насихаттау, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу, - деді К.Сабырғалиев.

Сонымен қатар, филиал төрағасы  әдеби онлайн-конкурс биыл да жалғасын табатындығын, оған индерлік қаламгерлерге де қатысуға болатынын жеткізді.

Өз кезегінде аудандық орталық кітапхана директорының міндетін атқарушы Ираш Байқатова сөз алып, ауыл тақырыбында жазылған тың туындының  оқырмандар көңілінен шығатынына сенімін білдіре келіп, көпшіліктің атынан алғысын жеткізді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521