Айыппұл мөлшері артты

Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын нысан иелері бұдан былай халық денсаулығына тигізген зардабы үшін айыппұлды бұрынғыдан көп мөлшерде төлейтін болады.

Өйткені, 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) «Халықтың санитариялық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу» туралы 425 бабына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес Кодекстің осы бабында көзделген айыппұл мөлшері артты.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай ақ, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзғаны үшін, абайсызда жаппай сырқаттануға немесе адамдардың улануына әкеп соқпаған жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) болып, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға- 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1600 АЕК болып белгіленді.

Толығырақ «Дендер» газетінің 18 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521