Ақпараттық-насихаттық топ ауылдарды аралады

Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ ауылдарды аралап халықпен кездесті.

Онда аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрмыс сапасын арттыру сынды бірнеше тараудан тұратын Жолдауда жүктелген міндеттердің өңірде атқарылуы жөнінде мол мағлұмат берді. Көктоғай, Өрлік, Елтайдағы осындай кездесулерде тұрғындар еліміздің асыл-мұраты жолындағы Елбасының Жолдауын қолдап, еңбегін жоғары бағалайтындықтарын, сонымен қатар оны жүзеге асыруда әр азамат өнікті еңбектің үлгісін көрсетіп, атсалысуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, арнайы топты бастап барған аудан басшысы С.Арыстан күнделікті мәселелер жөнінде де кеңесіп, ауылдардағы әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарды да аралап көрді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521