Аң аулау ермек пе, кәсіп пе?

Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жортатын серуен-салтанат болған екен.

Қазір де аңшылықтың қызығын көріп жүргендер бар. Әрине, алдымен заңдылыққа сай тиісті құжатыңды сайлап, арнайы ережесін сақтау міндет. Осы орайда, біз Атырау облыстық аң және балық аулау мекемесінің Индер ауданы бойынша қорықшысы Жұмағалиев Бағытжан Айтқұлұлымен (суретте) сұхбаттасқан болатынбыз.

Даланың киесі киіктің басына қаншама зобалаң туды. Алтынға баланған мүйізі сорына айналып, браконьерлердің жаппай қыруы салдарынан өңірімізде мүлдем жойылып кеткендей еді. Абырой болғанда елімізде тұқымын сақтап қалыпты. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан киіктің санын қалпына келтіруге баса назар аударылуда. Мысалы, өткен қыста киіктер Батыс Қазақстан облысы жағынан аудан көлеміне өткен кезі болды. Осыған орай «Охотзоопром» РМК және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның басшыларымен бірге аудан орталығындағы мәдениет үйінде жергілікті тұрғындарға киікке қызығып қапы қалмау үшін түсінік жұмыстарын жүргізді. Кешегі желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап көрші облыстың Жаңақала жағынан киіктердің қайтадан көш түзеп аудан көлемінде тұрақтанып жатқанын аталмыш мекеменің аудандағы қорықшысы Бағытжан Жұмағалиев айтып өтті.

Бүгінде аудан көлеміндегі киіктің саны шамамен 4 мыңның үстіне шығыпты. Алғашқы әзірде негізінен Жайықтың оң жақ бетіне орнықса, жақында бір бөлігі Бөдене ауылы шамасынан өзеннің сол жақ бетіне өтіп, оңтүстікке қарай - Қарабатан, одан әрі Теңіз жағына қарай көш түзепті.

- Қазір киік бөлініп шағылыстан шықты. Оларға спутник арқылы бақылау құралдары салынып, қозғалысының бәрі жіті қадағалануда. Алайда киікті иесіз жүргендей көретін кейбіреулерден даладан мылтық кезейтіндер кездеседі. Бірақ заңды белден басқан браконьерлер дер кезінде ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалуда. Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз аулаған адамға айыппұлы да жоғары көлемде әрі дүние-мүлкі де тәркіленеді, - дейді қорықшы Бағытжан Айтқұлұлы.

 

Толығырақ Дендер газетінен оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521