Вы здесь: HomeАудан тынысыАққалалықтар дәрігер іздеп, әбігерге түседі

Аққалалықтар дәрігер іздеп, әбігерге түседі

Аққала ауылында жалғасын тапқан кездесуге Елтай ауылдық округі әкімі Е.Дүйшім ауылдағы жасалған істерге баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді қамтыды.

 -  Қазіргі кезде Аққала ауылдық округінің тұрмыс-тіршілігі мен ауызбірлігі мен еңбекқорлығы жарасқан тұрғындардың тұрмысы жайлы. Ауылдағы Аққала орта мектебінде 40 мұғалім 171 оқушы білім береді. Осындағы даярлық сыныбында 21, ал шағын топта 15 бала оқытылады. Жалпы білім сапасы 45 пайызды құрайды. Материалдық құндылықтарды алуға 9 078 000 тг бөлініп, ол толығымен игерілді. Сондай-ақ көше жолдарын асфальттау жұмыстары үстіміздегі жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, жаңадан бой көтеретін үйлерге инфрақұрылым жүйелері жүргізудің жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. Жазғы су құбырларын жаңарту, зираттарды қоршап, жаңа ФАП салу және балабақша жоспарда тұр, - дейді округ әкімі.

Алғаш жарыссөзге шыққан Аққала орта мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзар Есқайырова көше жарығының жарықтануы, жастарға арналған шаралардың ұйымдастырылуы және амбулаторлық пункттің жұмысына сын айтса, зейнеткер Күнжамила Ибрашева:  -  Аққала ауылының тұрғындары неге Елтай ауылының дәрігерлеріне қаралады? Ал Индер аудандық орталық ауруханаға барып қаралсақ болмай ма?,- деп сұрақты төтесінен қойды. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Жасталап Халенов ауған соғысы жауынгері Бисенғали Халықовқа белгі қойсақ деген ойымен бөлісті.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов ауданда атқарылып жатқан істерге қысқаша тоқтала келе, көтерілген мәселелерге орай толыққанды жауап беріп, халықтың ұсыныс-пікір аяқсыз қалмайтындығын жеткізді.

Г.ИГІЛІКОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru